03.01.2026 12:08
«Барселона» шабуылшысы АПЛ-ге ауысуы мүмкін
03.01.2026 12:08
«Барселона» шабуылшысы Ферран Торрес ат басын Англияға бұруы мүмкін

Futbol del Sr.Destrangis хабарлауынша, 25 жастағы Испания құрамасының форвардын «Астон Вилла» өз қатарынан көргісі келеді. Клуб басшылығы Торрестің трансферіне шамамен 60 миллион еуро бөлуге әзір екен. Бас бапкер Унаи Эмери де шабуыл шебін күшейткісі келіп отыр.
Торрес осы маусымда 22 матчта 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.