02.01.2026 19:25

«Реал» АПЛ-ден қорғаушы алмақ

02.01.2026 19:25

«Кристал Пэлас» қорғаушысы Марк Гехи «Реалға» ауысуы мүмкін

Diario AS хабарлауынша, Мадрид клубының өкілдері 25 жастағы Англия ойыншысының агентімен байланыс орнатыпты. Марктің өзі «бланкос» сапына келер жазда еркін агент ретінде қосылуды жөн көреді.

Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Барселона», «Бавария», «Ливерпуль», «Атлетико» және АПЛ-дың бірқатар клубы бар екен.

Гехи осы маусымда 28 матчта үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram