02.01.2026 18:14

Дани Карвахаль оралды

02.01.2026 18:14

«Реал» капитаны әрі қорғаушысы Дани Карвахальдың жағдайы белгілі болды

33 жастағы Испания ойыншысы командамен жаттығуға қосылды. Ал алаңға 8 қаңтар күні Испания Суперкубогының жартылай финалы аясында өтетін «Атлетикоға» қарсы матчта оралады деп күтілуде.

Ол 26 қазан күні «Барселонаға» (2:1) қарсы ойында оң аяғының тізесін жарақаттап алып, соған ота жасатқан еді. Соның салдарынан соңғы 12 матчтан тыс қалды.

Дани осы маусымда сегіз матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram