02.01.2026 17:11

Распадори «Ромаға» ауысуға жақын

02.01.2026 17:11

Джакомо Распадори «Атлетикодан» «Ромаға» ауысады

Николо Скираның хабарлауынша, Римнің клубы 25 жастағы Италия құрамасының шабуылшысын екі миллион еуроға жалға алады. Сондай-ақ 19 миллионға сатып алу құқығы қарастырылады.

Қос тарап 2030 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қояды екен. Ал Джакомоның жылдық жалақысы 3,5 миллион еуроны құрайды.

Распадори осы маусымда 14 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram