02.01.2026 16:02
«Реал» ойыншысы «Челсиге» ауысуы мүмкін
02.01.2026 16:02
«Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигер «Челсиге» оралуы мүмкін

AS хабарлауынша, Лондонның клубы 32 жастағы Германия құрамасының ойыншысын қатарына тегін қосып алмақ.
Антонионың «Реалмен» келісімшарты келер жазда аяқталады. Ал Мадридтің клубы оған жаңа құжат ұсынбайды екен.
Рюдигер осыған дейін «Челси» намысын 2017-2022 жылдары аралығында қорғаған еді.