02.01.2026 12:14

«Бавария» ойыншысы «Арсеналға» ауысуы мүмкін

02.01.2026 12:14

«Бавария» жартылай қорғаушысы Леон Горецка ат басын Англияға бұруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Горецканың агенті «Арсенал» өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр.

Одан бөлек оған «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» көз тігіп отыр екен. Леон келер жазда клуб ауыстыруы мүмкін.

30 жастағы Германия құрамасының жартылай қорғаушысы осы маусымда 23 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram