02.01.2026 11:56

Салах «Ромаға» оралуы мүмкін

02.01.2026 11:56

«Ливерпуль» вингері Мұхамед Салах «Ромаға» оралуы мүмкін

Tutto Mercato хабарлауынша, Римнің клубы 33 жастағы Мысыр ойыншысын қайтарып алуды көздеп отыр.

Ал «Ливерпуль» Мұхамедті тек маусым соңына дейін жалға беруге дайын екен. Бірақ «Рома» үшін Салахтың жалақысын төлеу қиынға соғайын деп тұр. Ол қазіргі таңда жылына салықтарды есептемегенде 24 миллион еуро табады.

Айта кетейік, Салах «Ромада» 2015-2017 жылдары ойнаған еді. Ол осы маусымда 20 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram