02.01.2026 03:16
«Манчестер Сити» ұпай жоғалтты
02.01.2026 03:16
Ағылшын Премьер-лигасының 19-туры аясында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Сандерлендпен» тең тарқасты

«Стэдуим оф Лайт» аренасында өткен кездесуде гол көрмедік.
Осылайша 41-ұпайына қол жеткізген «қалалықтар» турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда 4 қаңтар күні «Челсиді» қабылдайды.