01.01.2026 20:28

Моуринью «Челсиге» оралуға дайын

01.01.2026 20:28

«Бенфика» бас бапкері Жозе Моуринью «Челсиді» тізгіндеуі мүмкін

Indykaila News хабарлауынша, 62 жастағы маман Лондонның клубына оралғысы келеді. Егер ұсыныс түссе, оны ойланбай бірден қабылдайын деп отыр екен. Ал «ақсүйектер» алдымен заманауи әрі жас бапкер іздеп көрмек.

Еске салсақ, клуб бүгін 1 қаңтарда бас бапкер Энцо Маресканы орнынан босатқан еді. Ал Моуринью бұған дейін «Челсиді» 2004-2007 және 2013-2015 жылдары аралығында баптаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram