02.01.2026 11:36

Тьяго Мотта «Челсиді» тізгіндеуі мүмкін

02.01.2026 11:36

Тьяго Мотта «Челси» бас бапкері атануы мүмкін

Қос тарап қазір келіссөз жүргізіп жатыр екен. 43 жастағы италиялық маман Ағылшын Премьер-лигасында жұмыс істегісі келеді. Клуб басшылығы да оны басты үміткер ретінде көріп отыр.

Мотта былтыр наурыз айында «Ювентустен» кеткелі жұмыссыз жүр. Одан бөлек ол «Болонья», «Специя» және «Дженоаны» баптаған. Ал Лондонның клубы кеше, 1 қаңтарда Энцо Маресканы орнынан босатқан еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram