02.01.2026 13:26

«Барселона» үш шабуылшыға қызығушылық танытуда

02.01.2026 13:26

«Барселона» жақында клубтан кетуі мүмкін Роберт Левандовскидің орнына шабуылшы іздеп жатыр

Экрем Конурдың хабарлауынша, Каталонияның клубы Душан Влахович («Ювентус»), Харри Кейн («Бавария») және Хулиан Альвареске («Атлетико») көз тігіп отыр. «Блауграна» осы үш футболшының біріне келер жазда ұсыныс жасауға ниетті.

Айта кетейік, 18 турдан кейін 46 ұпай жинаған Ханс-Дитер Флик шәкірттері Испания Ла Лигасында көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram