03.01.2026 14:15

Африка кубогын кім жеңеді?

03.01.2026 14:15

Opta нұсқасы топтық кезеңнен кейін Африка кубогындағы құрамалардың топ жару мүмкіндігін бағалады

Суперкомпьютердің пайымынша, Марокко (22.82%) турнирдің басты фавориті болып тұр. Рейтингтің екінші сатысына Алжир (13.64%) жайғасса, үздік үштікті Сенегал (13.62%) түйіндеді.

Сондай-ақ алдыңғы ондықтың қатарында Египет (13.26%), Нигерия (10.9%), Кот-д'Ивуар (7.45%), Камерун (4.98%), Мали (3.86%), Тунис (3.54%) және Конго ДР (2.05%) бар.

Айта кетейік, Мароккода өтіп жатқан дода 18 қаңтарға дейін жалғасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram