04.01.2026 00:37
«Арсенал» «Борнмуттан» басым түсті
04.01.2026 00:37
Ағылшын Премьер-лигасының 20-туры аясында «Арсенал» сырт алаңда «Борнмутты» тізе бүктірді

«Виталити» стадионында өткен кездесуде 2:3 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Эванилсон мен Эли Жуниор Крупи мергендік танытты. Ал Лондон клубында Деклан Райс дубль жасаса, Габриэль бір гол соқты.
Осылайша 48-ұпайын олжалаған «Арсенал» турнир кестесінде көш басындағы орнын нықтай түсті.
Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 8 қаңтар күні «Ливерпульді» қабылдайды.