04.01.2026 00:04

«Ювентус» «Леччені» жеңе алмады

04.01.2026 00:04

Италия А Сериясының 18-турында «Ювентус» өз алаңында «Леччемен» тең тарқасты

«Альянц Стэдуимда» өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. «Лечче» шабуылшысы Ламек Банда 45+2-минутта есеп ашса, оған 49-минутта Уэстон Маккени жауап қайырды. Сондай-ақ 66-минутта Джонатан Дэвид пенальтиден гол соға алмады.

Осылайша 33-ұпайын олжалаған Туриннің клубы турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Лучано Спаллеттидің шәкірттері келесі турда 6 қаңтар күні «Сассуолоға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram