04.01.2026 18:13

«Интер» ойыншысы «Галатасарайға» ауысуы мүмкін

04.01.2026 18:13

«Интер» жартылай қорғаушысы Давиде Фраттези мансабын «Галатасарайда» жалғауы мүмкін

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, Ыстамбұлдың клубы 26 жастағы Италия ойыншысын бес миллион еуроға жалға алғысы келеді. Сондай-ақ 30 миллионға сатып алу құқығы болады. Бұған «Интер» де келісіп отыр екен.

Фраттези осы маусымда 15 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram