04.01.2026 18:25
«Наполи» «Лациодан» басым түсті
04.01.2026 18:25
Италия А Сериясының 18-турында «Наполи» сырт алаңда «Лационы» тізе бүктірді

Римде өткен кездесуде 0:2 есебі тіркелді. Матчтың 13-минутында Леонардо Спинацолла есеп ашса, 39-минутта Амир Ррахмани еселеді.
Сондай-ақ матч соңында үш бірдей ойыншы алаңнан қуылып кетті. «Лациодан» Теяни Нослин мен Адам Марушич қызыл қағаз алса, «Наполиден» Паскуале Маццокки жазаланды.
Осылайша Неапольдің клубы 37-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Антонио Конте шәкірттері келесі турда 7 қаңтар күні «Веронаны» қабылдайды.