04.01.2026 22:15
«Реал» жарқын жеңіске жетті
04.01.2026 22:15
Испания Ла Лигасының 18-туры аясында «Реал» өз алаңында «Бетисті» ірі есеппен жеңді

«Сантьяго Бернарбеу» стадионында өткен кездесуде 5:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Гонсало Гарсия хет-трик жасаса, Рауль Асенсио мен Фран Гарсия бір-бірден гол соқты. Ал «Бетистің» құрамында Кучо ерекшеленді.
Осылайша Мадридтің клубы 45-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
Хаби Алонсоның шәкірттері келесі турда 17 қаңтар күні «Левантені» қабылдайды. Ал одан бұрын 8 қаңтарда Испания Суперкубогының жартылай финалы аясында «Атлетикомен» күш сынасады.