05.01.2026 00:54
«Манчестер Сити» мен «Челси» ұпай бөлісті
05.01.2026 00:54
Ағылшын Премьер-лигасының 20-туры аясында «Манчестер Сити» өз алаңында «Челсимен» тең тарқасты

«Этихад» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Ойынның 42-минутында Тиджани Рейндерс есеп ашса, 90+4-минутта Энцо Фернандес таразы басын теңестіріп кетті.
Осылайша қос команда бір ұпайды місе тұтты. «Қалалықтар» 42 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға жайғасқан. Ал еншісінде 31 ұпайы «ақсүйектер» бесінші сатыда келеді.
Келесі турда Пеп Гвардиоланың шәкірттері «Брайтонды» қабылдаса, Лондонның клубы «Фулхэмге» қонаққа барады.