05.01.2026 12:43
«Челсидің» жаңа бапкері белгілі болды
05.01.2026 12:43
«Страсбур» бапкері Лиам Росеньор «Челсиді» тізгіндеуге жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 41 жастағы ағылшын маманы Лондонға ұшып келді. Енді бүгін ол «ақсүйектердің» басшылығымен жолығады. Ал «Страсбур» жаңа тәлімгер іздеуге кірісіп кетіпті.
Осыдан төрт күн бұрын, 1 қаңтарда «Челси» бас бапкер Энцо Маресканы орнынан босатқан еді.
20 турдан кейін 31 ұпай жинаған команда Ағылшын Премьер-лигасында бесінші орында келеді.