05.01.2026 13:05
«Манчестер Юнайтед» бас бапкерсіз қалуы мүмкін
05.01.2026 13:05
Рубен Аморимнің «Манчестер Юнайтедтегі» болашағы бұлыңғыр

talkSPORT хабарлауынша, 40 жастағы португал маманның басшылықпен арасы мәз емес. Клуб директорлары Рубенге берген уәдесін бұзып, осы қыста топ-ойыншы алмауды жөн көріпті. Аморим болса бұған қатты ашулы.
Одан бөлек өткен жаздағы трансфер кезеңінде Рубен Олли Уоткинсті аттай қалаған екен. Ал клуб оның орнына Беньямин Шешконы алып беріп, құтылған.
Аморим «Манчестер Юнайтедті» 2024 жылдың қараша айынан бері жаттықтырып келеді. 20 турдан кейін 31 ұпай жинаған «қызыл сойқандар» Ағылшын Премьер-лигасында алтыншы орында келеді.