05.01.2026 15:28
«Манчестер Юнайтед» бас бапкерсіз қалды
05.01.2026 15:28
Рубен Аморим «Манчестер Юнайтед» бас бапкері қызметінен босатылды

«Қызыл сойқандар» онымен 2027 жылға дейін жарамды болған келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды. Енді команданы Даррен Флетчер уақытша тізгіндейді.
40 жастағы португал маманы манкуниандықтарды 2024 жылдың қараша айынан бері жаттықтырып келді. Оның тұсында команда 25 рет жеңіске жетіп, 15 мәрте тең түссе, 23 ойында қарсыласына жол берді.
20 турдан кейін 31 ұпай жинаған «қызыл сойқандар» Ағылшын Премьер-лигасында алтыншы орында келеді.