05.01.2026 18:34

Кьеза «Ювентуске» оралуы мүмкін

05.01.2026 18:34

«Ливерпуль» вингері Федерико Кьеза «Ювентуске» оралуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Туриннің клубы 28 жастағы Италия ойыншысын қайтарып алғысы келеді. «Бьянконери» жақында «Ливерпульмен» байланысқа шығып, трансфер бойынша келіссөз жүргізген екен. Әзірге Кьеза да, «Ливерпуль» де бұл туралы нақты шешім қабылдаған жоқ.

Осыған дейін Николо Скира Федерикоға «Наполи» мен «Рома» көз тігіп отырғанын мәлімдеген еді.

Кьеза «қызылдар» сапына 2024 жылы «Ювентустен» 12 миллион еуроға ауысып келді. Ол осы маусымда 20 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram