05.01.2026 20:08

Винисиус «Челсиге» ауысуы мүмкін

05.01.2026 20:08

«Реал» вингері Винисиус Жуниор мансабын «Челсиде» жалғауы мүмкін

The Guardian хабарлауынша, Лондонның клубы алдағы күндері Винисиус үшін «Реалға» 135 миллион фунт стерлинг (155 млн еуро) ұсынбақ.

25 жастағы Бразилия дүлдүлі «бланкоспен» 2027 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзарту туралы әлі келісімге келген жоқ. Сондықтан «Реал» одан тегін айырылмас үшін жақсы ақшаға сатып жіберуге дайын.

Винисиус осы маусымда 25 матчта бес гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram