05.01.2026 23:21
Канселу «Барселона» ойыншысы атануға жақын
05.01.2026 23:21
Жоау Канселу «Әл-Хиләлден» «Барселонаға» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Саудия клубы мен Жоаудың өкілдері «Барселона» жолдаған ұсынысты қабыл алды. Жақында трансфер ресми хабарланады.
31 жастағы Португалия ойыншысы тек Каталонияның клубында ойнауды қалайды.
Канселу «блауграна» намысын 2023/24 жылғы маусымда қорғаған еді. Ал осы маусымда ол алты матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.