06.01.2026 17:12

Кейн «Бавариямен» келісімшартты ұзартуы мүмкін

06.01.2026 17:12

Харри Кейн «Бавария» қалады

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, «Бавария» Харримен келісімшартты 2028 не 2029 жылға дейін ұзартуды көздеп отыр. Қазір қос тарап осы жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр екен. Кейннің өзі де Мюнхеннің клубында ойнай бергісі келеді.

32 жастағы Англия құрамасының шабуылшысы «Баварияға» 2023 жылдың тамыз айында «Тоттенхэмнен» 95 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы аралықта 121 матчта 115 гол соғып, 29 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram