06.01.2026 16:48

Сульшер «Манчестер Юнайтедке» оралуға дайын

06.01.2026 16:48

Уле-Гуннар Сульшер «Манчестер Юнайтедке» оралуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 52 жастағы норвегиялық маман манкуниандықтарды маусым соңына дейін тізгіндеуге дайын. Сульшердің ниеттеніп отырғанынан «қызыл сойқандардың» басшылығы хабардар екен.

Ол МЮ-ге бас бапкер міндетін атқарушы ретінде келіп, командаға көмектескісі келеді. Клуб оған алты айға жарамды келісімшарт ұсынуы мүмкін. Ал маусым айында нақты бас бапкерді тағайындайды.

Сульшер осыған дейін «Манчестер Юнайтедті» 2018-2021 жылдары баптаған еді. Оның соңғы клубы өткен жылдың қаңтар-тамыз айларында жаттықтырған «Бешикташ» болды.

Еске салайық, кеше, 5 қаңтарда клуб бас бапкер Рубен Аморимді қызметінен қуып жіберді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram