06.01.2026 15:08

«Ювентус» 39 жастағы шабуылшыға көз тікті

06.01.2026 15:08

«Фиорентина» шабуылшысы Эдин Джеко «Ювентуске» ауысуы мүмкін

SportMediaset хабарлауынша, Туриннің клубы осы қыста трансферге көп ақша жұмсағысы келмейді. Сондықтан 39 жастағы форвард Эдин Джекоға қызығушылық танытып отыр. Ал «Фиорентина» ойыншысын маусым соңына дейін жалға беруге дайын екен.

«Бьянконери» бас бапкері Лучано Спаллетти де бұл ауысымның болуына қарсы емес екен. 66 жастағы италиялық маман Джекомен 2016-17 жылдары «Ромада» бірге жұмыс істеген еді.

Эдин осы маусымда 18 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram