06.01.2026 14:30

«Челсидің» жаңа бапкері белгілі болды

06.01.2026 14:30

«Страсбур» бапкері Лиам Росеньор «Челсиді» тізгіндейді

Фабрицио Романо хабарлаған бұл ақпаратты Росеньордың өзі растады.

– «Әлем чемпионы «Челсидің» бас бапкері болу – керемет мүмкіндік. Мен үйге қайтып, балаларымды көріп, ғаламат клубпен келісімшартқа отырамын. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алғым келмейді»,– деді ол.

41 жастағы ағылшын маманы 2024 жылдан бері «Страсбурды» баптады. Оған дейін Англияның төменгі дивизионындағы «Халл» және «Дерби» клубтарын жаттықтырған.

Росеньор «Челсиді» алғаш рет 10 қаңтар күні Англия кубогының 1/32 финалы аясында өтетін «Чарлтонға» қарсы ойында бастап шығады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram