06.01.2026 12:55
«Монако» ойыншысы ауыр жарақат алды
06.01.2026 12:55
«Монако» қорғаушысы Мұхаммед Салису ауыр жарақат алды

26 жастағы ойыншы ішкі чемпионаттағы «Лионға» (1:3) қарсы ойында сол жақ тізесінің айқыш байламын үзіп алыпты.
Осыған байланысты ол Гана құрамасымен келер жазда өтетін Әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы бек мүмкін. Ал нақты қашан оралатыны жақында белгілі болады.
Бұған дейін монегаскілердің вингері Такуми Минамино да дәл осындай жарақат алған еді.
Салису осы маусымда 18 матчқа қатысып, бір гол соқты.