06.01.2026 02:53
Жоау Канселу «Барселонаға» оралады
06.01.2026 02:53
Жоау Канселу «Барселонаға» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Каталонияның клубы 31 жастағы Португалия құрамасының ойыншысын «Әл-Хиләлден» маусым соңына дейін төрт миллион еуроға жалға алады. Қос тарап толықтай келісімге келді. Жақында Жоау медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қояды.
Осыған дейін өткен аптада «Әл-Хиләл» Канселудың трансфері бойынша «Интермен» ауызша сөз байласып қойып еді. Бірақ Жоаудың өзі тек «Барселонада» ойнауды қалады.
Канселу «блауграна» намысын 2023/24 жылғы маусымда қорғаған. Ал осы маусымда алты матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.