06.01.2026 14:50

Тер Штеген «Жиронаға» ауысуға дайын

06.01.2026 14:50

«Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штеген «Жиронаға» ауысуға жақын

Cadena SER хабарлауынша, 33 жастағы неміс голкипері «жироналықтар» сапына қосылуға келісімін берді. Ол жақында «ақ-қызылдардың» бас бапкері Мичелмен әңгемелесіпті.

Марк келіссөздердің мейлінше тезірек аяқталуын қалайды. Тіпті осы үшін жалақысын төмендетуге де дайын екен.

Тер Штеген 29 шілде күні алған арқасындағы жарақатына байланысты ұзақ уақыт қатарда болмады. Ол 16 желтоқсан күні ғана Испания кубогының 1/16 финалындағы «Гвадалахарамен» (2:0) ойында алаңға оралды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram