06.01.2026 17:42

«Реал» шабуылшысымен келісімшартты ұзартады

06.01.2026 17:42

Браим Диас «Реалда» қалады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Жаңа құжатқа сәйкес, Браимнің жалақысы біршама артады екен.

26 жастағы Марокко вингері Мадрид клубының намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 139 матчта 21 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді. Оның қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазында күшін жояды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram