11.01.2026 17:06
«Реал» ойыншысы «Челсиге» ауысуы мүмкін
11.01.2026 17:06
«Реал» қорғаушысы Трент Александер-Арнольд «Челсиге» ауысуы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, Лондон клубының жаңа бас бапкері Лиам Росеньор 27 жастағы ағылшынды өз командасында көргісі келеді. «Челси» Трентті осы қыста маусым соңына дейін жалға алмақ.
Осыған дейін «ақсүйектердің» Винисиуске 155 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасамақ болғаны туралы қауесет тараған еді. Бірақ мұны Фабрицио Романо жоққа шығарды.
Трент Мадридтің клубына өткен жазда «Ливерпульден» ауысып келген. Ол содан бері 16 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді.