11.01.2026 14:58
«Манчестер Сити» ойыншысы «Ювентуске» ауысуы мүмкін
11.01.2026 14:58
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва жазда клубтан кетеді

Fichajes хабарлауынша, қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды.
Қазіргі таңда 31 жастағы Португалия ойыншысына «Ювентус» пен «Галатасарай» қызығушылық танытып отыр екен.
Силва осы маусымда 28 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.