11.01.2026 12:32

Эль-Класикоға қандай құрам шығуы мүмкін?

11.01.2026 12:32

Бүгін, 11 қаңтарда Испания Суперкубогының финалында «Барселона» мен «Реал» кездеседі

Эль-Класикоға қатысатын Мадрид клубының қатарында жарақат алған Давид Алаба мен Антонио Рюдигер және Африка кубогына қатысып жатқан Браим Диас жоқ. Сондай-ақ Килиан Мбаппенің ойынды бірінші минуттан бастайтыны не қосалқы құрамда қалатыны белгісіз болып тұр. Ал Каталония ұжымында Гави, Андреас Кристенсен және Марк-Андре тер Штеген ойнамайды. Одан бөлек күйзелісте жүрген Рональд Араухоны да бүгінгі матчта көруіміз неғайбыл.

Осыған байланысты Marca нұсқасы бойынша қос команданың бастапқы құрамы мынадай болуы әбден мүмкін:

«Реал»: Тибо Куртуа — Альваро Каррерас, Антонио Рюдигер, Рауль Асенсио, Федерико Вальверде — Эдуардо Камавинга, Орельен Тчуамени, Джуд Беллингем — Винисиус Жуниор, Гонсало Гарсия, Родриго;

«Барселона»: Жоан Гарсия — Алехандро Бальде, Жерар Мартин, Пау Кубарси, Жюль Кунде — Педри, Фермин Лопес, Эрик Гарсия – Рафинья, Роберт Левандовски, Ламин Ямаль.

00:00-де басталатын матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және Megogo онлайн-сервисінен тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram