11.01.2026 11:49
Палмер «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін
11.01.2026 11:49
«Челси» жартылай қорғаушысы Коул Палмер «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

Footballtransfers хабарлауынша, манкуниандықтар Коулды жақында клубтан кетуі мүмкін Бруну Фернандештің орнын басатын футболшы ретінде көреді. «Челси» де басты ойыншысын сатуға дайын екен.
Палмер осы маусымда 12 матчқа қатысып, төрт гол соқты.