11.01.2026 11:04
Marca: Мбаппе бүгін қосалқы құрамда қалады
11.01.2026 11:04
Бүгін, 11 қаңтарда Испания Суперкубогының финалында «Реал» «Барселонамен» кездеседі

Marca хабарлауынша, бүгін Мадрид клубының шабуылында бірінші минуттан Гонсало Гарсия ойнайды. Бас бапкер Хаби Алонсо Килиан Мбаппені қосалқы құрамда қалдыруды жөн көріпті.
Осыған дейін Мбаппе сол жақ тізесін зақымдап алып, соңғы екі ойынға қатыспаған еді. Ол кеше командамен Джиддағы алғашқы жаттығуын өткізді.
Жылдың алғашқы Эль-Класикосы сағат 00:00-де басталады.