11.01.2026 10:39
Бүгін Эль-Класико өтеді
11.01.2026 10:39
Бүгін, 11 қаңтарда Испания Суперкубогының финалында «Реал» «Барселонамен» кездеседі

Бұл тарихтағы 263-ші ресми Эль-Класико болмақ. Осыған дейін «Барселона» 104 рет жеңіске жетсе, «Реал» 107 ойында басым түскен. Қалған 51 матчта тең нәтиже тіркелген.
Осы аралықта жалпы 878 гол соғылыпты. Оның 445-ін «бланкос», ал 436-ін «блауграна» өз есебіне жазған.
26 қазан күні болған «Сантьяго Бернабеудегі» соңғы текетіресте Мадридтің клубы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Тағатсыздана күтіп отырған матчымыз сағат 00:00-де басталады. Басты ойынды Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және Megogo онлайн-сервисінен тікелей эфирде тамашалай аласыз.