10.01.2026 21:42
Семеньо «Манчестер Ситидегі» алғашқы голын соқты
10.01.2026 21:42
Англия кубогының 1/32 финалында «Манчестер Сити» өз алаңында «Эксетер Ситиді» 8:0 есебімен жеңіп жатыр

Матчтағы алтыншы голды 54-минутта командадағы алғашқы ойынын өткізіп жатқан Антуан Семеньо соқты. Дәл қазір ойынның 80-минуты болып жатыр.
Айта кетейік, Семеньо «қалалықтар» сапына «Борнмуттан» 63,5 миллион фунт стерлингке келіп қосылды. 26 жастағы Гана вингері күні кеше, 9 қаңтар күні 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.