10.01.2026 21:26
Родри араға 601 күн салып гол соқты
10.01.2026 21:26
Англия кубогының 1/32 финалында «Манчестер Сити» «Эксетер Ситиді» 7:0 есебімен ойсырата жеңіп жатыр

Матчтағы екінші голды Родри 24-минутта соқты. Бұл оның 2024 жылдың 19 мамырынан бергі алғашқы голы болды. Родри осыған дейін соңғы рет 601 күн бұрын Ағылшын Премьер-лигасында «Вест Хэм» (3:1) қақпасының торын тулатқан еді.
Дәл қазір «Этихад» стадионындағы матчтың 72-минуты өтіп жатыр.
Айта кетейік, 29 жастағы тұтқауыл 2024 жылдың қыркүйегінде тізесінің айқыш байламын үзіп алып, маусым соңына дейін ойнамаған еді. Ол содан кейін де төрт түрлі жарақат алып, жалпы 20 матчтан тыс қалды.