10.01.2026 16:29

Мбаппе «Барселонаға» қарсы ойнай ма?

10.01.2026 16:29

«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Барселонаға» қарсы матчқа қатысуы мүмкін

Бұл туралы Мадрид клубының бас бапкері Хаби Алонсо айтты.

– «Мбаппе өзін жақсы сезініп жүр. Ол «Атлетикоға» қарсы матчқа толық дайын болмады. Сондықтан тәуекелге бармадық.

Килиан кеше Джиддаға ұшып келді. Енді бүгін командамен жаттығуға қатысады. Соның нәтижесінде ертеңгі ойынды бірінші минуттан бастайтынын, не қосалқы құрамда қалатынын шешеміз»,– деді Хаби Алонсо.

27 жастағы француз осыған дейін сол жақ тізесін зақымдап алып, соңғы екі матчқа қатыспаған еді.

Айта кетейік, Испания Суперкубогының финалы аясында Сауд Арабиясында өтетін «Барселона» – «Реал» кездесуі ертең, 11 қаңтар сағат 00:00-ге жоспарланған. Тікелей эфирді мына сілтемеден таба аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram