10.01.2026 16:01

Рэшфорд «Барселонада» қалады

10.01.2026 16:01

«Барселона» Маркус Рэшфордты «Манчестер Юнайтедтен» толықтай сатып алуды жоспарлап отыр

Каталонияның клубы 28 жастағы Англия шабуылшысын маусым соңына дейін жалға алған еді. Сондай-ақ келісімшартта 30 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «блауграна» сол мүмкіндікті іске қосқысы келеді. Клуб басшылығы мен бас бапкер Ханси Флик Маркусқа дән риза екен.

Рэшфорд «Барселона» сапында 26 матчта жеті гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram