10.01.2026 15:07
Ең үздік француз футболшысы аталды
10.01.2026 15:07
Осман Дембеле 2025 жылдың ең үздік француз футболшысы атанды

Бұл марапатты оған France Football басылымы табыстады. Дауыс беруде 26 журналистің 23-і Османды үздік деп таныған. Осылайша ол «Реал» дүлдүлі Килиан Мбаппені 70 ұпайға артқа тастап, топ жарды.
28 жастағы вингер ПСЖ-мен өткен маусымда тарихи требл жасап, Франция Суперкубогын жеңіп алған еді. Сондай-ақ Дембеле «Алтын доп» иегері атанып, FIFA The Best, IFFHS, Globe Soccer Awards және Flashscore нұсқалары бойынша «жыл ойыншысы» жүлдесін олжалады.