10.01.2026 11:43

Браим Диас рекорд орнатты

10.01.2026 11:43

Марокко вингері Браим Диас рекорд орнатты

26 жастағы «Реал» ойыншысы Африка кубогының тарихында қатарынан бес матчта гол соққан алғашқы футболшы атанды.

Браим бастапқы бес ойында Комор Аралдары (2:0), Мали (1:1), Замбия (3:0), Танзания (1:0) және Камерун (2:0) қақпасының торын бір-бірден тулатты.

Айта кетейік, Марокко жартылай финалға шығып қойды. Енді Алжир – Нигерия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram