10.01.2026 14:30
«Сассуоло» қорғаушысы топ-клубқа ауысуы мүмкін
10.01.2026 14:30
«Сассуоло» қорғаушысы Тарик Мухаремович клуб ауыстыруы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, 22 жастағы босниялық ойыншыға «Манчестер Юнайтед», «Интер», «Борнмут», «Болонья» және «Астон Вилла» қызығушылық танытып отыр. «Қара-жасылдар» ойыншысын қазір сатуға дайын емес екен. Сондықтан ауысым келер жазда болуы мүмкін.
Тарик егер «Сассуолодан» кетіп жатса оның бұрынғы клубы «Ювентус» трансферден түскен соманың тең жартысын иеленеді.
Мухаремович осы маусымда 17 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.