10.01.2026 15:39
«Атлетико» ойыншысы АПЛ-ге оралуы мүмкін
10.01.2026 15:39
«Атлетико» жартылай қорғаушысы Конор Галлахер Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

TalkSPORT хабарлауынша, 25 жастағы Англия ойыншысына «Астон Вилла» қызығушылық танытып отыр. Бирмингемнің клубы оны келер жазда сатып алу құқығымен жалға алуды көздейді. «Арыстандардың» бас бапкері Унаи Эмери Конорды сонау «Челсиде» жүрген кезінде-ақ өз командасында көргісі келген екен.
Галлахер осы маусымда 27 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ал 21 турдан кейін 43 ұпай жинаған «Астон Вилла» Ағылшын Премьер-лигасында үшінші орында келеді.