10.01.2026 18:48

Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» ойыншысы атанды

10.01.2026 18:48

Қазақстан құрамасының өкілі Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» ойыншысы атанды

Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

22 жастағы вингердің соңғы клубы «Елімай» болған еді. Оған дейін «Кошице», «Акритас Хлорокас», «Жеңіс», «Қайрат» және «Мақтааралда» ойнаған.

Айта кетейік, Станислав Черчесов баптайтын бұл клубта одан бөлек тағы бір отандасымыз Максим Самородов тер төгеді. 18 турдан кейін 42 ұпай жинаған Грозныйдың командасы Ресей Премьер-лигасында сегізінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram