10.01.2026 21:07
Англия кубогында сенсация тіркелді
10.01.2026 21:07
Англия кубогының 1/32 финалында «Кристал Пэлас» алтыншы дивизионда ойнайтын «Маклсфилдке» жол берді

Маклсфилдте өткен кездесуде сенсация тіркеліп, 2:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.
Осылайша XXI ғасырда алғаш рет төменгі дивизионның клубы чемпионды жарыс жолынан шығарып жіберді.
Еске салсақ, «қырандар» өткен маусымның финалында «Манчестер Ситиді» 1:0 есебімен жеңіп, топ жарған еді.