10.01.2026 22:52
Ибрагимовичтің ұлы «Аякс» ойыншысы атанады
10.01.2026 22:52
Максимилиан Ибрагимович «Миланнан» «Аяксқа» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Амстердамның клубы 19 жастағы швед вингерін сатып алу құқығымен жалға алады. Қос тарап кеше келісімге келіп қойыпты. Сондай-ақ «Милан» футболшының келесі трансферінен үлес алады екен.
Осылайша Максимилиан әкесі Златанның бұрынғы клубында ойнайтын болды. Ибра «Аякстың» намысын 2001-2004 жылдары аралығында қорғаған еді.
Айта кетейік, Максимилиан Ибрагимович осы маусымда жастар клубында 17 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.