10.01.2026 21:59

«Манчестер Сити» 10:1 есебімен жеңіске жетті

10.01.2026 21:59

Англия кубогының 1/32 финалында «Манчестер Сити» өз алаңында «Эксетер Ситиді» ойсырата жеңді

«Этихад» стадионында өткен кездесуде 10:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Рико Льюис дубль жасаса, Макс Аллейн, Родри, Антуан Семеньо, Тиджани Рейндерс, Нико О'Райли және Райан Макайду бір-бірден мергендік танытты. Ал қонақтардың жалғыз голын Исаак Бирч соқты. Сондай-ақ үшінші дивизионда ойнайтын клуб сапында Джек Дойл-Хэйс пен Джек Фицуотер автогол авторы атанды.

Айта кетейік, Пеп Гвардиола шәкірттері келесі ойынын Лига кубогының жартылай финалы аясында 13 қаңтар күні «Ньюкаслға» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram